|    |  
27 мамыр 2019
04:28
Тартылған еттен жасалған бәліш
16 мамыр 2019, 18:21 87


Қамыры: 
Сары май немесе маргарин — 200 гр 
Қаймақ — 200 гр 
Тұз — 1 шәй қасық 
Қопсытқыш (разрыхлитель) — 1 шәй қасық 
Ұн 
Жұмыртқа — 2 дана 
Салмасына: 
Тартылған ет — 400-500 гр 
Пияз — 1 дана 
Қырыққабат 
Томат пастасы — 2 ас қасық 
Сарымсақ — 3-4 түйір 
Тұз 
Қара бұрыш 
Күнжіт 
Дайындалуы: 
1)Бөлме температурасында еріп тұрған майға қаймақ, 2 жұмыртқа қосып, 1 жұмыртқаның сарысын алып қаламыз, бәліштің үстіне жағу үшін 
Араластырған май мен қаймаққа тұз саламыз. 
қопсытқыш, ұн саламыз, жұмсақ қамыр илейміз. 
Пакетке салып, тоңазытқышқа салып қоямыз, салмамыз дайын болғанға дейін 
2)Енді салмасын дайындаймыз. Қырыққабатты ұсақтап тураймыз 
Пиязды да дәл солай, қазанымызға май құйып, пияз салып, 
қуырып, томат пастасын салып, араластырамыз, қырыққабат, 
тұз салып, араластырамыз. 
Тартылған етімізді салып, қара бұрыш салып, сарымсақты турап салып, 20 минуттай азғантай су құйып, бұқтырамыз. 
Тоңазытқыштан қамырымызды алып, екіге бөлеміз, қамырымызды жайып, табамыздың астына пергамент төсеп немесе май жағып, қамырымызды суреттегідей кесіп, түйеміз. 
Үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, күнжіт себеміз 
180С'та қызарғанша пісіреміз.

Дереккөз: Reactor
Все новости