|    |  
15 желтоқсан 2019
04:19
​Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік қызметкерлер Ант қабылдады
15 желтоқсан 2015, 19:23 39

Қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ел тәуелсіздігіне арналған салтанатты шара өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, барлық сала мамандары қатысты.
Жиында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерді еліміздің егемендік алған күнімен құттықтап, азат елдің ертеңіне үлкен үмітпен қарайтынын жеткізді.
- Тәуелсіздік алған 24 жыл уақыт ішінде әлем халқы Қазақстанды зайырлы, тарихи тұрғыдан қалыптасқан, экономикасы өсіп-өркендеген ел ретінде таныды. Азат мемлекетті қалыптастыруда Елбасының еселі еңбегін әлемнің көпшілік саясаткерлері жоғары бағалайды. Мұның бәрі, тәуелсіздік жылдарындағы өзара ауызбіршілік пен тұрақтылықтың нәтижесінде мүмкін болды, - деп атап өтті қала әкімі.
Салтанатты шара барысында екі мемлекеттік жас қызметші мемлекет алдында кіршіксіз қызмет етуге Ант берді. Сондай-ақ, еселі еңбегімен танылған бірқатар азаматтарға қала әкімінің мерекелік төсбелгілері мен «Алғыс хаты» табыс етілді.
Мерекелік шара жергілікті өнер жұлдыздарының қатысуымен патриоттық ән-күймен жалғасты.

shymkent.gov.kz
Все новости