|    |  
18 қараша 2019
03:37
Тайфуннан қаза тапқандар саны 47 адамға жетті
14 қазан 2019, 15:43 47
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 47 адамға жетті. Тағы 15 адам із-түссіз жоғалғандар санатында.



«Хагибис» тайфуны сенбі күні кешкісін Идзу ауданындағы Хонсю аралына соққан. Соның себебінен қатты жел мен тасқын болған. 20 өзен арнасынан шыққан. Бірнеше ауданды су басқан.
 
Қазір тоқтап қалған жүрдек пойыздар қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Дереккөз: РИА НОВОСТИ
Все новости