|    |  
19 тамыз 2019
17:04
Тәжік махаббатының қасіреті: Сүйіктісіне келген жігітті қыздың туыстары тірідей көміп тастаған
15 тамыз 2019, 16:00 142


Тәжік махаббатының қасіреті: Сүйіктісіне келген жігітті қыздың туыстары тірідей көміп тастаған.

Аталмыш жаға ұстатарлық оқиға Тәжікстан мемлекетінің Турсунзаде қаласы маңындағы  Батош  ауылының тұрғыны Хусрав есімді 23 жастағы жігіттің басынан өткен екен. 

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жарыса жазуда. 

Хусрав көрші ауылдың қызына ғашық болып, түн ортасында кездесуге келген. Екі ғашық кездесіп тұрған сәтте оларды қыздың әкесі мен ағалары ұстап алған. Олар Хусравты оңдырмай темірмен сабап, артынша мойынына дейін көмі тастаған. Ағалары Хусравқа қызды әйел қылып алмаса өлтіреміз деген. 

Хусрав қорыққанын келісімін берген. Алайда, 23 жастағы жігіт үйіне барған соң асылып мерт болған екен. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөзі: Akhbor
Все новости