|    |  
14 қараша 2018
03:23
Телеоператор 10 дүркін әлем чемпионы Усейн Болтты сегвеймен қағып кетті (видо)
28 тамыз, 09:58 1271
Атақты спортшы Усейн Болт 200 метр қашықтыққа жүгіруден 10-ыншы рет әлем  чемпионы атанды.  Жеңісін тойлап жатқанда оны телеоператор сигвеймен қағып кетті.



Оқыс оқиға түсірілген видео желіде пайда болды. Жазбада  Болтты арт жағынан сигвейде оператордың түсіріп жатқаны, алайда оның көліктік құралы стадион құрылымына соғылып, оператор құлап, спортшыны да қоса ала кеткені көрсетілген.  



Абырой болғанда, спортшы жарақаттанған жоқ, дау да шықпады. Mirror басылымы хабарлағандай, Усейн Болт «өлтіре жаздады» деп қалжыңдап та үлгерген.
 Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Усейн Болт 200 метр қашықтықты маусымдағы үздік нәтиже - 19,55 секундта жүгіріп өтті.

Дереккөзі: Қазақпарат
Все новости