|    |  
24 ақпан 2020
03:21
Тележүргізуші тікелей эфирде отырып темекі шекті
02 қазан 2017, 11:09 49



Америкалық тележүргізуші Шон Хэннити тікелей эфирде отырып, электронды темекі шеккен сәтін барша телекөрермендер тамашалаған. Оқиғаға репортаждың қажетті кезінде қосылмай қалып, тележүргізуші кадрда қалып қоюы себепші болған, деп хабарлайды 24 Телеканал  Reddit платформасына сілтеме жасай отырып.

Шон Хэннити кезекті сюжеттің қосылмай қалғанынан бейхабар күйде еш күмәнданбастан эфирдегі бос уақытын темекі шегіп, тамағын жібіту үшін су ішіп алуға жұмсаған.

Осыдан кейін ол бірден бет-әлпетін кәсіби журналист кейпіне келтіріп, эфирдің қайта қосылуын күткен.

Тікелей эфирде мұндай келеңсіз жайттар жиі орын алып тұратынына көндіккен халық тележүргізушінің бұл әрекетіне қатысты түрлі пікірлер қалдыруда.





 
Все новости