|    |  
23 қаңтар 2020
21:47
Том Крузды екі ұшқыштың өліміне айыпты деп санады
22 қыркүйек 2017, 10:10 43



Қаза болғандардың жақындары Голливуд жұлдызы Том Крузды екі ұшқыштың өліміне кінәлі деп санайды.

Айтуларынша, актер әуе апатына әкеліп соққан режиссердің түсірілім кезіндегі немқұрайлы әрекетін қолдаған.

2015 жылы «Сделано в Америке» фильмінің түсірілім кезінде қаза болған екі ұшқыштың туыстары: «Кинокартинадағы басты рөлді сомдайтын Том Круз олардың өліміне кінәлі», – деп отыр.

Бұл туралы Daily News хабарлады.

Оқиға салдарынан үшінші ұшқыш аман қалған. Бірақ жүру мүмкіндігінен айырылған. Айыптаушылардың айтуынша, түсірілім кезінде Круз режиссер Даг Лайманның жұмыс уақытын ұзартып, олардың әуеге жоспардан тыс жиі көтерілуін талап еткен әрекеттерін қолдаған.

Алан Пурвин және Карлос Берл мінген ұшақ Колумбиядағы тауға соғылып, опат болды. «Сделано в Америке» фильмінің атқарушы продюссерінің айтуынша, түсірілімнің соңғы 48 сағаты оның өміріндегі ауыр сәттер болды.

«Сделано в Америке» туындысында контрабандамен айналысатын ұшқыш туралы баяндалады.


Дереккөзі: www.24.kz

 
Все новости