|    |  
18 қаңтар 2019
14:52
​Төңкерістен кейін тұтқынға толған Түркия түрмелерінен 38 мың адам босатылады
17 тамыз 2016, 15:46 640

                                                           Бекир Боздаг

Түркияның Әділет министрі Бекир Боздаг ел билігінің абақтылардан 38 мың тұтқынды мерзімінен бұрын босатуға ниетті екенін хабарлады. Министр бұның амнистия еместігін, тұтқындардың шартты түрде босатылып, полиция бақылауында болатынын жеткізді. Атап айтқанда ұсақ құқық бұзушылық жасаған қылмыскерлер босатылмақ.
 
Себебі Түркия түрмелері төңкерісті ұйымдастырды деген желеумен тұтқындалған азаматтарға толып қалған.  Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек осы төңкеріске қатысты деген желеумен 10 мыңнан астам адам тұтқынға алынған. Ал, 13-тамызда Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым төңкерістен кейін жұмыстан шеттетілген немесе босатылған түрік азаматтарының саны 81 494 адамға жеткенін мәлімдеген еді.
 
Дереккөз: Лента ру
Все новости