|    |  
21 наурыз 2019
06:40
Топ-15: Жаңа жылға сыйлауға болмайтын заттар
18 желтоқсан 2018, 11:50 2



Қысқы мерекелер – сыйлықтар уақыты. Ең бастысы таңдаудан жаңылыспау. Ал біз Жаңа жылда сыйлауға болмайтын заттардың «қара тізімін» жасадық.

1. Кесетін, тесетін, өткір металл заттар: пышақ, қылыш, қанжар, самурай қылышы, шанышқы, тігін машинасы мен маникюр жабдықтары. Ырым-сенім бойынша өткір заттар қара күштерге тартады, ауру мен жазатайым жағдайларды көбейтеді.
 
2. Тәбішке. Наным-сенім бойынша бұл ауыр дерттерге шалдықтыруы мүмкін.
 
3. Шұлық. Олар үйден кетуді білдіреді.
 
4. Кітап. Тағы бір наным-сенім бойынша жарыңызға кітап сыйлау ұрыс-керіске әкеліп соғады екен.
 
5. Сағат. Сағат екі жаққа кетуді, ажырасуды білдіреді. Сондай-ақ сағат бақытты адамдарға бақытсыздық әкеледідейді.
 
6. Беторамал. Православ мәдениетінде ажырасу мен көз жасын білдіреді.  
 
7. Бос әмиян, сөмке. Онда міндетті түрде байлық шақыратын тиындар немесе қағаз ақша салып беру керек.
 
8. Бос ыдыс.  Кедейлікке әкеледі. Егер ыдыс сыйласаңыз оған тиын, жаңғақ немесе шоколад салып беріңіз.  
 
9. Шарқат, орамал. Сүйіктіңізбен екі жаққа кетіруді білдіреді.  
 
10. Сүлгі. Христиан мәдениеті бойынша сүлгіде ерекше энергия бар. Бірақ бұл зат сыйлыққа жарамайды.
 
11. Шам.  Жазатайым жағдайды, ажалды білдіреді.
 
12. Інжу. Бұл әшекейді сүйіктіңізге сыйламаған абзал. Себебі ол су перісінің көз жасын білдіреді.
 
13. Айна. Құпияға толы заттың бірі. Энергетикасы күшті. Достыққа жік түсіреді.  Қарым-қатынасты бұзады.
 
14. Қолғап. Қолғап дау-дамай мен жанжалға, төбелеске әкеледі.
 
15. Конвертке салынған ақша. Сыйлыққа ақша берген адамда қаржылық қиындықтар болуы мүмкін.
 



Дереккөз: goodhouse.ru
 
 
Все новости