|    |  
14 қараша 2018
11:50
Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан ел алдында қайтадан табысты
19 мамыр, 15:16 2660

"Гəкку əуендері" марапаттау кешінде Төреғали Төреəлі мен Ерке Есмахан екеуі  "Алло" əнін шырқап, "Жыл дуэті" номинациясы бойынша марапатталды. 

"Гəкку" ұсынған сыйды қолына ұстаған Төреғали:
Өзге əннен өзгеше "Гəккудағы" əуен,
"Гəккуды" ашқан құрмет көп авторға деген.
Арасында ұстатып тұрса болды,
Гəккудың нағыз сыйлығын Аққуға берем, - деген өлең жолдары арқылы аққуға теңеп Еркеге берді.
Артынша кештің жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов осыдан бірер ай бұрын қос əншінің продюсерлері арасында болған кикілжіңді еске түсіріп: "Ертең тағы интернетте Төреəлі ағамыз бен Баян Есентаева қырлысып жатпасын", - деп Төреғалиға да тағы бір мүсін ұсынды.
Артынша Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында "Міне нағыз ерлік. Сүйікті əншілеріңіз Ұлы Дала Баласы Төреғали мен Ерке Аққу. Дəл солай...", - деп өз сезімімен бөлісті.
Оған оқырмандарының көпшілігі "Жарадың, Төреш!", "Керемет жұпсыздар", "Жаңа əндер күтеміз", - деген секілді пікірлер қалдыруда.
Сондай-ақ, кешке қатысушы Кəмшат Жолдыбаева, Серік Ибрагимов, Айқын Төлепберген, Бейбіт Құшқалиев, Бүркіт пен Аиша секілді тағы да басқа əншілер "Гəкку əуендері" марапатына ие болды.

zhambylnews.kz
Все новости