|    |  
24 наурыз 2019
12:04
​Төреғали Төреәлінің төртінші сәбиі дүниеге келді
04 наурыз 2019, 15:00 314
Әнші Төреғали Төреәлінің шаңыраңығында үш қыздан кейін дүниеге ұл келді. Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.


 
«Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,
Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!
Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,
Көбейетін болды ғой шалбарымыз.
Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінекей орындалды арманымыз.
Халайық баршаңызға раxмет,
Недеген жайдары еді жандарыңыз.
Алақайлап сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!»-дейді әнші.
 
Бауы берік болсын дейміз!
 
Дереккөз: Reactor
Все новости