|    |  
14 қазан 2019
13:05
​Торға қамалған аю өртенген үйде қалып қойған (ФОТО)
27 қазан 2016, 23:51 24

 
Челябинскте торға қамалған аю өртенген үйде қалып қойған. Өртке жылытқыштағы ақау себеп болыпты. Аюды өртті сөндірген құтқарушылар тапқан. Үсті-басы жанған аю аман қалған. Аю асырап, сатумен айналысатын үй иесі төтенше жағдай қызметкерлерін шақырмас бұрын өртті өзі сөндірмек болған көрінеді. Бірақ тілсіз жау ырық бермей, үйді түгел шарпыған. Қожайыны күйік шалған аюды өзі емдететінін мәлімдеген.  Қазір жануарларды қорғайтын жергілікті мамандар аюдың жағдайын білу үшін қадағалау органдарына жүгінген.


 
Дереккөз: ren.tv
Все новости