|    |  
23 қыркүйек 2019
11:49
Тойханаға лимузинмен кірген жас жұбайлар сынға қалды (видео)
10 қаңтар 2017, 16:15 29


"Той дегенде домалайды қу бастар"

Қазақ халқы әу бастан-ақ тойшыл екені бесенеден белгілі. Бұл сөзімізге халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен көптеп мысалдар келтіруге болады.

Алайда, соңғы кездері той жасаған ағайын өзгелерден басып озуды қалап, дәулетін көрсету үшін түрлі "қулық әрекеттерге" баруда.

Әрине, бұл тұрғыдан алғанда әркім өз шама-шарқына қарап, "көрпесіне қарай көсілуде". Бірақ, кейде шамадан тым асып кетіп жататындарды көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. 

Күні кеше eap_kz Интаграм желісінде мына бір видеоны жариялады. Оқиға көліктің нөміріне сәйкес, Атырау облысында орын алған болуы тиіс. Небары бір тәулік ішінде бұл видео 140 мың рет қаралған. Оның себебі неде дейсіз ғой? Ендеше, құлақ түріңіз. Жоқ, ең дұрысы өз көзіңізбен қарап шығыңыз.

 


Соңғы кезде, тойға жастардың осылай лимузинмен кіруі "мода"-ға айналып барады.

Халық - сыншы, Халық айтса, қалып айтпайды.

Ал, халық бұған қатысты не дейді, енді соған тоқталайық. 
Желі қолданушыларының көпшілігі мұны жаңалық деп қабылдаса, енді бірі дәулетін көрсетіп мақтанудың бір баламасына балады. Тіпті, мейрамханаға көлікпен кіруді ерсі санағандар да бар.

Қалай десек те, ата-анамыздың бауыр еті баласы үшін бар жиған-тергенін шашып, тойды есте қаларлықтай, халықтың аузынан түспейтіндей етіп өткізуді қалайтыны айтпаса да белгілі.

Дегенмен, "судың да сұрауы бар екенін" естен шығармағанымыз абзал.

Келесі тойда кездескенше басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын деп тілейік, ағайын!!!



Айдар ЖАНАЙ
Все новости