|    |  
15 қазан 2019
23:48
Трамптың твит мәтіндерінен ән жазып шығарды - ВИДЕО
16 ақпан 2017, 10:39 38


Американдық рок-музыкант Ник Лутско АҚШ Президенті Дональд Трамптың Twitter микроблогындағы посттары мәтінінен ән жазып шығарды.
 
Музыка әлеміндегі ерекше композиция YouTube-тағы Super Deluxe комедиялық тобының арнасында жарияланды.

"Біз Трамптың твит-жазбалары 2000-жылдардың басындағы эмо-әндердің мәтініне қатты ұқсас екеніне назар аудардық. Бізге осы ұқсастық шабыт берді", — дейді Super Deluxe тобының өкілдері.

Әннің мәтініне Трамптың баспасөз тарапынан сынға шағымдану және Мерил Стрипті Голливудтың ең жоғары бағаланған актрисасы деп атауы арқау болған.

Эмо — 1980-жылдардың ортасында пайда болған рок-музыка стилі, ол ерекше эмоционалды сипаттағы хардкор-панк.




Дереккөзі: http://apostrophe.ua
Все новости