|    |  
15 желтоқсан 2019
04:36
Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?
27 қазан 2017, 16:32 40



Тұмау — дала ызғарын сездіре бастағаннан адамның бойына жабысып алатын жағымсыз дерт. Ал тұмаудың алдын алу үшін не істеу керек?

Назарларыңызға тұмаудан сақтайтын үш сусынды ұсынамыз.


1. Лимон + жалбыз
Жалбыз табиғи антибактериалды өсімдік болса, лимон күш-қуат беріп, иммун жүйесін нығайтады. Сусынды дайындау үшін жалбыз жапырақтарының үстіне қайнаған су құйып, жарты лимонның шырынын қосасыз.

2. Лимон + анар
Анар – күнделікті тұтынуымыз тиіс дәрумендердің 40 пайызын құрайды! Қабынуға қарсы қасиетке ие болғандықтан тұмау, суық тию т.б вирустық ауруларды болдырмайды.

3. Лимон + зімбір
Зімбір зат алмасуды, асқорытуды жақсартып, иммунитетті нығайтады. Зімбір тамырының аз бөлігін майдалап турап үстіне қайнаған су құйып, лимон шырыннын қосыңыз. Бал қосып, сусынды тәтті етіп алсаңыз болады.


Дереккөзі: jastar.kz
Все новости