|    |  
18 ақпан 2019
01:10
Түнгі ас миға теріс әсер етеді
15 наурыз 2016, 11:49 5
Түнгі ас миға теріс әсер етеді

Түнгі ұйқыға бөлінетін уақытта тамақтану адам салмағына ғана емес, сонымен бірге миына да теріс әсер етеді. Бұл есте сақтау қабілетінің әлсіреуіне әсерін тигізеді. Бұл туралы америкалық ғалымдар айтты.

Генетиктер тышқандарды тәжірибеге қатыстырды. Екі аптадай кемірушілердің бір тобын кешкі сағат тоғыз бен түнгі сағат үш арасында, екінші топты таңғы сағат тоғыздан кейін ғана тамақтандырды.  

Екі топтағы тышқандар да бірдей уақыт ұйықтады. Алайда түнде тамақтандырылғандардың ұйқысы бұзылды (жиі оянатын болды). Сонымен бірге есте сақтау қабілеті мен оқу үдерісіне жауап беретін ақуыздардың бөлінуіне әсерін тигізді. Осылайша ұйқыға бөлінген уақытта тамақтанғандардың есте сақтау тесттеріндегі нашарлау болды, деп хабарлады  шетелдік БАҚ.
Все новости