|    |  
24 тамыз 2019
02:52
​Турист болып барған орыс әйелі мұсылман болып қайтты
08 қыркүйек 2016, 16:11 24

Түркияның Батман қаласына турист боп барған 53 жастағы Ресей азаматы Мирос Алла Ислам дінін қабылдады. Оны Ислам дінімен сол жердегі Авжыоғлы отбасы таныстырған. Осылайша, Алла Тағала оның көңілін Ислам дініне кең ашып, сол жерде мұсылмандықты қабылдауға ниет етеді. Ол бұл шешімін Батманның аймақтық мүфтиятына білдіреді. Мүфтият Мирос Алланың Ислам дінін қабылдауын салтанатты түрде атап өтеді. Арнайы мұсылмандықты қабылдағаны жөнінде куәлік табыстап, есімін куәгерлердің алдында "Айша" деп өзгертеді.

Сондай-ақ, аймақтың уәкіл имамы орыс тіліндегі Құран Кәрімнің тәпсірін және Дін істері басқармасының орыс тіліне аударған кітаптарын сыйға тартады.

Мұсылман болу бақытын сезінген Айша «Алла баршаға мұсылмандықты нәсіп етсін» деп дұға етті.

Ihsan.kz
Все новости