|    |  
19 қараша 2018
14:19
​Түркия Ресейдің талабымен Сириямен шекарасын жабуы мүмкін
12 тамыз, 11:44 839

 
Қазір ел Үкіметі бұл мүмкіндікті қарастырып жатыр. Себебі ресейлік дипломаттар түркиялық әріптестерімен жүргізген келіссөздерінде Түркия-Сирия шекарасын жабуды талап еткен.
 Мемлекеттік думаның Қорғаныс комитеті басшысының орынбасары Виктор Водолацкий: «Біз, әрине, террористер мен қару-жарақ ағынын тоқтату үшін Сирия-Түркия шекарасын жабу туралы мәселе көтердік. Осылайша терроршылар сырттан келетін кез-келген көмектен қағылуы тиіс»-дейді.
Ол сондай-ақ бұл мәселенің Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды екенін атап өтіп, Ресейдің Түркияға қару-жарақ пен терроршылардың өтетін жерінен түсірілген спаутниктік суреттерді ұсынатынын айтты.
Бұдан бұрын, Ресей мен Түркияның барлаушылар, әскерилер және дипломаттардан тұратын үш жақты механизм құрғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Аргументы и факты
Все новости