|    |  
21 қараша 2018
17:03
Түркияда қасиетті Рамазан айында гей-парадқа шыққандарға тосқауыл қойылды (ВИДЕО)
21 маусым, 12:52 1111


Түркия полициясы Стамбул қаласында гей-парад ұйымдастырушыларға тосқауыл қойды, деп хабарлайды Hurriyet газеті.

Басылымның хабарлауынша, жексенбі күні түс ауа 50-ге жуық адам қала орталығындағы Таксим алаңына жиылған. Қасиетті айда арсыздықты насихаттаушыларды тарату үшін полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Кейбір деректер бойынша, шараға жалпы 150-ден астам адам қатысқан. Сондай-ақ, Стамбул полициясы резеңке оқты қолданды деген ақпарат та бар. БАҚ-дың хабарлауынша екі адам ұсталып, оншақтысы жарақат алған.

Айта кетсек, бұған дейін де Түркия билігі мұндай шерулерге тыйым салған болатын. 




 
Все новости