|    |  
10 желтоқсан 2018
04:47
Түркиядағы шипажайда туристерді тарту үшін Airbus A300 суға батырылды
06 маусым, 14:51 1277


Түркияның Кушадасы шипажайлық қаласының маңында Airbus A300 суға батырылды. Қала билігі шипажайға туристердің жаңа толқынын осылайша тартпақ.
Түркияның оңтүстік-батыс жағалауындағы Кушадасы шипажайлық қаласының билігі туристер ағынын тарту үшін Airbus A300 ұшағын суға батырды, деп жазады түріктің Daily Sabah басылымы.
Аталған ұшақ Түркияда жасанды рифтерді құру үшін пайданылатын ең үлкені болған. Қала билігінің баяндауынша, аталған жобаның мақсаты - Кушадасы маңында суасты әлемді алуан түрлі қылып, бұл ауданда дайвингті дамыту. Билік бұл жылына қосымша 250 мың түрік, әрі шетелдік туристерді тартатынын күтіп отыр, деп хабарлайды РБК.
Ұзындығы 54 метрлік есептен шығарылған ұшақ үшін қалалық қазынадан 91 мың доллар төленді.
 
Все новости