|    |  
17 қазан 2019
23:21
​ТұрсынБек Қабатов Есен Елеукен екеуінің арасындағы араздық жайлы шындықты айтты
07 наурыз 2019, 12:44 1527
Әзіл әлемінде ойып тұрып орын алған Тұрсынбек Қабатов Аман Тасығанның «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат беріп, біраз ойымен бөліскен. Жұмысы мен шығармашылығы жайлы айта келіп, Есен Елеукен екеуінің арасындағы араздық туралы да айтқан.


 
 
"Есен екеуміздің арамызда 2005-тен бастап келе жатқан түсінбеушілік бар. Оны Есеннің өзі де біледі, оның үндемей жүргені де сол, менің де КТА-мен айналысып жүргенім сол. Бұл жерде баяғы бразилиялық кино сияқты басқаша әңгіме, балалықтың әңгімесі.
Өз лигамды ашуға бел буғанда сол кездегі Астана қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджанов идеямды қолдады. Есен ол кезде Шымкентте "Көз тимесін", "Өзіміздің жігіттер" командаларына жетекшілік етіп жүрді. Сол кездері өзім жүргізем деген де ой болған. Төлеген аға айтты: - Астана қаласынан команда жоқ, "Аграрка сарбаздары" шықпаса, кім ойнайды? Әзірге басқа біреуге бере тұр, жүргізсін. Алдағы уақытта көре тұрарсың, - деді. Мен Есенге звондап: - Лига ашайын деп жатырмыз, сен жүргіз, қысылма, бастайық, - дедім. Ол келісті. Бұдан кейін КВН лига ойындары өз жұмысын бастап, кең танымалдылыққа ие бола бастады. Сол кездері Есенмен сөзге келіп қалдық. Сөйтіп жүрген кезде мені ақырын-ақырын шетке ысырып, әрі қарай өзімен өзі қазақша КВН болып, одан әрі қарай "Нұр Отан" партиясымен жұмыс істеп, дамып кетіп қалды.
 
"Күндердің күнінде жеке орындаушылардан "Көңілашар" атты бағдарлама істейтін болдым. Украинаның режиссерлерімен келісіп қойдық. "Қазмедианың" іші дайын. Есен Елеукенмен, бәрімен келісіп, "Жайдарманның" балаларымен келісіп, ол жігіттер келетін болып, кастинг жасадым, 20 шақты балалар алып келдік. "Жайдарманнан" 30 шақты жігіт келетін болды. Ойымда ештеңе жоқ, мәз боп жүрген кезде Есен балаларға звондап: - Кімде-кім Тұрсынбекке барады, "Жайдарманға" келмей-ақ қойсын, - депті. Менде 20 бала бар, "Жайдарманнан" ешкім жоқ. Сол бағдарламам күйді. Қашып, тыңдамай келген Нұрболхан, Асылхан, Мейіржан сияқты 4-5 бала келді. Сөзінде тұрып, азаматтық танытты. Бұл жерде Есенге ренжігенім емес. Менде әлі талай бағдарлама болады. Қашанғы жібере ме екен, жоқ па деп ойланып жүрем. Айналдырған елімізде 30 шақты талантты бала бар. Ертең кино түсірем, сериал түсірем, сол кезде осылай жалтақтап отырам ба? Одан да өзімнің лигамды ашайын дедім. Бірінші жылы 14 шақты команда келді", - дейді Қабатов. 
 
Дегенмен бүгін де Есен Елеукен екеуінің сәлемі түзу екен.
 
Все новости