|    |  
20 қазан 2019
16:11
​Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынды
23 қараша 2017, 09:49 42
Баян Мақсатқызының сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жауап берді. Бұл туралы Алматы қаласының ІІД хабарлады.

 
 
«Бұл дерек Т.Т.Алагөзовке қатысты 19.10.2017 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 389 бабы, 3 бөлімі "Өзiнше билiк ету" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлаймыз. Осы қылмыстық іс бойынша 17.09.1969 жылғы Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынды. Түрксіб аудандық ІІБ ТБ қызметкерлері істің барлық мән-жайын әділ, толық әрі әржақты зерттеуді қамтамасыз етеді. Ал одан кейін қорытынды процесстік шешім қабылданады» - делінген ресми хабарламада.
 
Бұған дейін Алагөзовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. Жалған құжат жасату және өзіне билік ету баптары бойынша күдікке ілінеген.  
 
Дереккөз: Reactor
Все новости