|    |  
20 қазан 2019
16:09
Uber алғаш рет өзінің қаржылық жағдайы туралы есеп берді
17 сәуір 2017, 15:59 33
Uber алғаш рет өзінің табысы мен шығындары туралы есеп берді.



Таксиге тапсырыс беруге арналған Uber онлайн-сервисі алғаш рет өзінің қаржылық көрсеткіштерін жариялады. 2016 жылы компания кеткен шығыннан екі есе көп табыс тапқан болып шықты.
 
Компания өткен жылы 6,5 млрд доллар таза табыс тапқан, ал шығындарының сомасы 2,8 млрд долларға тең.
 
Бұл ретте Uber 2017 жылдың бірінші тоқсаны бойынша кірістері туралы ақпарат беруден бас тартты. Тек аталған кезеңдегі барлық көрсеткіштер болжамдар мен күтетін нәтижелер деңгейіне сәйкес келетінін атап өтті.
 
Қазіргі кезде әлемнің 75 елінде қызмет ететін Uber компаниясының құны бүгінде 68 млрд долларға бағаланып отыр.
 
Uber жеке меншік компания болып табылатындықтан, заңға сәйкес ол өзінің қаржылық жағдайы туралы көрсеткіштерін жариялауға міндетті емес.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Италия Uber таксиге тыйым салған болатын, ал наурыз айының соңында Uber президенті отставкаға кетті.
 
Uber компаниясының негізін 2009 жылы Каланик және Гаррет Кэмп қалаған болатын. Ол клиенттердің ұялы телефонға арналған қосымша арқылы такси шақыруына мүмкіндік береді. Мобильдік қосымша тез арада кеңінен танымалдыққа ие болды, себебі ол арқылы көлік шақыру басқалармен салыстырғанда әлдеқайда арзанға түседі.


Дереккөзі: https://www.bbc.com
 
Все новости