|    |  
22 қараша 2018
03:13
Үлкен Алматы айналма тас жолының жүру ақысы анықталды
03 маусым, 14:35 651
«БАКАД» (Үлкен Алматы айналма тас жолы) құрылысы келер жылы басталады. Мамандар ақылы жол төселсе, онымен жүру құны 210 теңге тұрады дейді. Сондай-ақ «Алматы-Қапшағай» тас жолымен ызғыту бағасы шақырымына 1 теңге болмақ деп хабарлайды  Алматы арнасы.



«БАКАД 210 теңге болады, өйткені онда өткелдер көп, барлық жерде бағаналар қойып, қадағалай алмаймыз. Сондықтан жүргізуші бір рет осы соманы төлейді»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов. 
Сондай-ақ «Алматы-Қапшағай» тас жолы да ақылы болады. Әр шақырымға көлік жүргізушілері бір теңгеден төлейді. Бұл жол 2016 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде. «Алматы-Қапшағай» төсеміне Ақтөбе зауытында өндірілген цемент пен бетон пайдаланылуда, ал жапсарлас жатқан Қапшағай зауытында шығарылған шикізат жол құрылысына жарамсыз көрінеді. Келесі жылы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистраліндегі жұмыстар да толықтай аяқталады. Қазір «Алматы-Қорғас» аумағы қолға алынған
«Шымкент қаласына дейін жол салынып бітті. Шымкенттен Жамбыл шекарасына дейінгі аумақ қана қалды. Ол келесі жылы бітеді. Ал, 304 шақырымды құрайтын «Алматы-Қорғас» аралығын да келесі жылы аяқтаймыз»,- деді «Қазавтожол» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов.
Ел аймағындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі 2700 шақырымнан асады. Оның құрылысына 830 млрд теңге бөлінді.
 
Теги: Главная
Все новости