|    |  
14 желтоқсан 2018
12:41
Ұлыбритания парламенті лаңкестерді шабуылдауға рұқсат берді
03 желтоқсан, 10:48 873
Ұлыбритания парламенті өз әуе күштерінің Сириядағы «Ирак пен Левант лаңкестері» орналасқан аймаққа соққы жасауына келісім берді. Елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронның террористерді бомбалау туралы ұсынысын 397 депутат қолдап, 223-і қарсы болған.


Өз бастамасын заң шығарушы орган алдына қойған үкімет басшысы лаңкестердің Ұлыбритания қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі мүмкін екенін түсіндірді. Елдің сыртқы істер министрі Филип Хаммонд әуе соққыларының 3 желтоқсан, яғни дәл бүгіннен басталатынын айтты. Бұл операцияға Ирактағы лаңкестерді бомбалаумен айналысып жүрген британдық әскери әуе ұшақтары тартылатын болады. Сондай-ақ елдің қорғаныс министрі аймақтағы әуе ұшақтарының санын одан әрі арттыратынын мәлімдеді.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости