|    |  
17 қараша 2018
09:30
Ұлытауға келуші туристер саны артып келеді
10 тамыз, 10:22 1075
Қарағанды облысының табиғатын тамашалауға келетін саяхатшылар саны артып келеді.  Тек осы жылдың өзінде аймаққа 250 мыңнан астам турист табан тірепті.



Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 22%-ға көп. Ал қонақүйлер мен пансионаттар саны 10%-ға артқан. Облыста «ходлайн» жедел желісі жұмыс істеп тұр. Бұл желі арқылы кез келген саяхатшы үш тілде аймақтағы туризм туралы ақпарат ала алады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде өңірге келетін қонақтардың саны артады деп күтілуде. Бүгінде туристік компаниялар шетелдік қонақтарға арнап,жолкөрсеткіш карталар әзірлеуде.



«Тамыз айында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жастар форумы өтеді. Бұл шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен студенттер қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар Ұлытау ауданындағы тарихи және мәдени жерлерді көрсететін жаңа анықтама дайындалады. Бұл сызба екі тілде жасалып, Ұлытау ауданына барамын деушілердің барлығына таратылады», -  облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Аблаева.

Дереккөзі: www.24.kz
Все новости