|    |  
22 мамыр 2019
19:54
Үндістанда екі қызды зорлауға үкім шығарылды
02 қыркүйек 2015, 09:56 6
Үндістанда «Амнести Интернэшнл» халықаралық ұйымы қаналғандар кастасының 2 апалы-сіңлілі қыздарды қорғау үшін қол жинап жатыр.



Аталған топ өкілдері бойжеткендерді ағаларының қылығы үшін зорлауға үкім шығарған. Осы жаза түрін қолдану туралы шешімді жоғары касталардың ақсақалдар кеңесі қабылдаған. Жергілікті ақпарат құралдарының ақпараты бойынша, қыздардың ағасы басқа тапқа жататын ғашығымен бірге қашып кеткен. Ал бойжеткендерді зорлау туралы үкім кек ретінде шығарылған. Айта кетейік, үнді билігі ақсақалдар кеңесінің бар екендігін жоққа шығаруда. Бұл елде қаналғандар кастасын қорлау мен өз бетінше жаза қолдану қылмыстық іс деп саналады. Бірақ ауылдарда адам шошырлық салттар әлі жұмыс істеп тұр.

Дереккөзі: 24 kz
Все новости