|    |  
11 желтоқсан 2018
14:12
Үндістанда екі пойыздың апатқа ұшырауынан 24 адам қаза тапты
05 тамыз, 11:18 880
 
Үндістанның орталық бөлігінде екі пойыздың вагондары өзенге құлап,  кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлады  NDTV.Оқиға сейсенбі күні 4 тамызда кешке Мадхья-Прадеш штатындағы Харда елді мекенінің маңында болған.
Көпірден өту кезінде Мумбаи - Варанаси бағытында жүрген пойыздың 6 вагоны рельстен шығып кетті. Бірнеше минуттан кейін сол жерде  Джабалпер - Мумбаи пойызының 3 вагоны мен локомотив рельстен тайды.
Теміржол компаниясы өкілдерінің айтуынша, апат қатты нөсер салдарынан орын алуы мүмкін.
Құтқарушылар 300-ден астам адамды қауіпсіз жерге шығарды. Шамамен 40 адам түрлі жарақат алды.


Дереккөзі: ҚазАқпарат
Все новости