|    |  
24 тамыз 2019
19:00
Үндістанда сиырлар үшін «байланыс желісі» ашылды
05 шілде 2016, 09:27 21

Үндістандық Харьяна штатында сиырлар үшін «байланыс желісін» ашты.
Үндістандық Харьяна штатында тәулік болып жұмыс жасайтын сиырларға арналған «байланыс желісі» ашылды. Бұл адамдардың ірі қараға қатысты қылмыс туралы, мәселен заңсыз экспорт пен союы туралы ақпаратты хабарлауы үшін ашылды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. 
«Байланыс желісінің» қызметкерлері ақпаратты өкілетті құқық қорғау органдарына жолдайды.  Осылайша,  штат билігі елдегі қасиетті жануарды қорғамақ.  Сиырды өлтіру діни сенімдегі адамдарды қорлау ғана емес, сонымен қатар Үндістанның кей аудандарында ауыр қылмыс болып саналады. Харьяна штатында 2015 жылдан заң күшке енді. Оған сәйкес мұндай қылмыс үшін 10 жылға дейін қамауға алу қарастырылған. 
 
ҚазАқпарат
Все новости