|    |  
21 қараша 2018
18:59
Үндістандағы мұсылмандарға сиыр етін жеуден бас тартуды ұсынды
20 қазан, 16:01 764


Үндістанның Харьяна штатының премьер-министрі Манохар Лал Кхаттар мұсылмандарға сиыр етін жеуден бас тартуды ұсынды. Бұл туралы Reuters сілтеме жасап lenta.ru хабарлайды.

Лал Кхаттарадың сөзіне қарағанда осы елде тұратын мұсылмандар индустардың сенімдерін қорламас үшін және қоғамда түрлі әлеуметтік алауыздықтардың туындауына жол бермес үшін сиыр етін жеуден бас тартулары керек.
«Егер олар сиыр етін жемей қалса, мұсылман болмай қалмайды ғой. Ислам дінінде сиыр етін үздіксіз тұтына беру керек деген түсінік жоқ. Бұл жайт христиандарға да  қатысты»,- деді премьер-министр.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылы қыркүйек айында, Үндістандағы Уттар-Прадеш штатында ер адамдар тобы 50 жастағы Мұхаммед Ахлакқа (Mohammad Akhlaq) сиыр етін жеді деп айып тағып, тепкінің астына аып, одан кейін  таспен атқылап өлтірген болатын. 
Все новости