|    |  
17 ақпан 2019
20:57
​Үндістандық жігітке арыстанмен суретке түскені үшін айыппұл салынды
11 тамыз 2016, 14:49 6

 
Үндістандық крикетист Равиндр Джадеджге (Ravindra Jadeja) сафари паркте жүргенде арыстанмен суретке түскені үшін айыппұл салынды. Жас жігіт бұл суретін бір апта бұрын Instagram желісінде жариялаған. Ол осылайша сафари-парктің ережесін өрескел бұзып отыр. Парк аумағында жабайы жануарлар бос жүретіндіктен келушілерге экскурсия кезінде автокөліктен шығуға тыйым салынған. Крикетист суретіне: «Батыл бол, мықты бол» деген жазба қалдырып, #idontcare («Маған бәрібір») деген хэштегпен белгілеген.
Сафари парктің әкімшілігі Джадеджке хабарласа алмағандықтан, 20 мың рупий (300 доллар шамасында) айыппұлды оның өгей әкесі төлейді. Сондай-ақ ол спортшының атынан жазбаша түсініктеме беруге мәжбүр болған.
 
Дереккөз: Лента.ру
Все новости