|    |  
21 наурыз 2019
23:00
Ұрланған бала 31 жылдан кейін өз отбасын кездейсоқ тапқан
26 ақпан 2019, 18:28 11
Қытайда Чэнь Сюэпин есімді жігіт 31 жылдан кейін өз туғандарын кездейсоқ тапқан.


 
1988 жылы белгісіз біреулер үш жастағы Чэнді ұрлап әкеткен. Ол кезде баланың ата-анасы құрылыста істеп жүрген. Ерлі-зайыптылар баланы біраз уақыт іздеген, бірақ таппаған. Ақшалары болған кезде олар ДНҚ тестін жасап, полицияға өткізген. Бала бұл уақытта басқа отбасында өсіп жатқан. Есімі де өзгерген. Ол өз ата-анасын 31 жылдан кейін кездейсоқ  тапқан. Ол 2018 жылы жұмысқа орналасу үшін ДНҚ тест тапсырған. Сол кезде полиция оның туған ата-анасына хабарласып, 2019 жылдың басында олар қайтадан ДНҚ тест тапсырған. Осылайша олар қауышқан.



Дереккөз: Сегодня
Все новости