|    |  
18 қараша 2018
21:26
​Усама бен Ладеннің өлімі туралы кітаптың авторы 7 млн доллар айыппұл төлемек
22 тамыз, 09:26 974

 
«Әл-Каида» ұйымының бұрынғы басшысы Усама бен Ладеннің өлімі жайлы кітаптың авторы, АҚШ-тың Әскери қызметіндегі «теңіз мысығы» атанған Мэтт Биссонетт биліктің рұқсатынсыз құпия деректерді жариялағаны үшін 7 миллион доллар айыппұл төлейтін болды.
 
Биссонетт 2012 жылы Марк Оуэн деген бүркеншік атпен «Ауыр күн» аталатын кітап шығарған. Кітап санаулы күндерде кең тараған. «Теңіз мысығы» аталмыш кітапта террорлық топ басшысын қолға түсіру кезіндегі тәжірибесімен бөліскен. Кейін Биссонеттің кітаптың кей тұстарын Пентагонмен келіспей жариялағаны белгілі болды.
 
Осыған байланысты ол кітаптан түскен барлық пайданы төлеуге, сондай-ақ экраннан беру құқығын қайтаруға келіскен. Ал билік оған қатысты сотқа берген барлық арыз-шағымдарын қайтарып алмақ.
 
Дереккөз: gazeta.ru
Теги: Саясат
Все новости