|    |  
17 қараша 2018
17:59
​Усэйн Болт 8 дүркін Олимпиада чемпионы атанды
19 тамыз, 09:07 762

 
200 метр қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмаған ямайкалық желаяқ Олимпиада алтынына ие болды. Спортшы бұл қашықтықты 19,78 секундта бағындырған. Екінші орынды 20,02 секунд көрсеткішімен канадалық Андре де Грасс, үшінші орынды 20,12 секунд көрсеткішпен француздық  Кристоф Леметр иеленген.
 
Ал бұның алдында Усэйн Болт 100 метр қашықтықтан 9,81 секундта жүгіріп өтіп,  Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
 
Бұған дейін Ямайкалық спортшы 100 метрді 9,58 секундта, 200 метрді 19,19 секундта бағындырып, әлемдік рекорд орнатқан.
 
Дереккөз: Аргументы и факты
Все новости