|    |  
24 наурыз 2019
04:05
​Үш алма үшін туриске 400 доллар айыппұл салынды
27 шілде 2016, 09:55 3
 
 
Фиджи республикасында бельгиялық туриске үш алма үшін 400 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Фиджидің халықаралық Нади әуежайында елдің биологиялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шетелдік туристің қол сөмкесінен үш алма тауып алған. 63 жастағы Джанет Вишнецки (Janet Wishnetsky) өзі алып келген үш алманы декларацияламаған.
Вишнецки өзінің бұл жемістер туралы мүлде ұмытып кеткенін айтып отыр. Енді ол айыппұлды жеті күннің ішінде төлеуі тиіс.
Фиджидің биологиялық қауіпсіздік басқармасы елге зиянкес жәндіктер мен инфекциялар таралмас үшін шет елден келген туристерді осылай жіті бақылайды. Аталмыш ұйым елге импортталатын және экспортталатын өнімдердің барлығын тексеруден өткізеді.
 
Дереккөз: news.mail.ru
Все новости