|    |  
25 наурыз 2019
16:51
Үш шәкірт туралы хикая
19 ақпан 2019, 15:51 3


Атақты ғұлама ұстаз Конфуцийдің мақтаулы үш шәкірті болыпты. Бірде ел кезіп жүрген діндар кісі Конфуцийден: «Гун деген шәкіртіңіз жайлы не айтасыз?» деп сұрайды. Сонда ол: «Гун – елден ерекше ақылды. Оны басқа ғалымдар да мойындайды» - дейді. 

- Лу ше, онда не қасиет бар? 

- Лу – батыр. Басқа батырлар шаңына да ілесе алмайды. 

- Ал үшінші шәкіртіңізде қандай қасиет бар? 

- Чжан деген шәкіртім – нағыз шебер. Еңбекқордың дәл өзі. 

Діндар кісі Конфуцийге: 

- Егер Гун елден ерек ақылды, Лу асқан батыр, Чжан нағыз еңбекқор болса, онда сізден не үйреніп жүр? Одан артық не керек оларға? - дейді. 

- Ендеше, бері қара, - дейді Конфуций. 

- Гун ақылды, бірақ жалқау. Лу – батыр, алайда ақылы аз. Чжан еңбекқор болғанымен, іші тар, қызғаншақ. Ақылды Гун жалқаулықтан бақытты болмасын түсінбейді. Лу өте сақ жүрмесе, асқан батырлықтан омақасып, «батыр – бір оқтық» дегендей, өмірем қабарын сезбейді. Чжан қызғаныш бар жерде қуаныш та болмайтынын білмейді. Сондықтан олардың осыларға көзі жетіп, әбден ұғып түсінгенше, мен олардың ұстазы, ал олар менің шәкірттерім болып қала береді, - деп жауап береді. 
Все новости