|    |  
19 қараша 2019
10:05
Үсті-басын былғап, анасына ақталып тұрған бүлдіршін Желі жұлдызына айналды
18 ақпан 2018, 13:15 34



Бала біткен асыр салып ойнап жүріп, кейде үсті-басын былғап алғанын байқамай қалатын кездері жиі кездеседі. Біз әңгіме еткелі отырған мына бүлдіршін де балалық шақтың бал дәмін татып, ойынға тоймаған сәтін өмірі есінен шығармасы хақ. 

Желіде үсті-басы, беті-аузы ластанған сүйкімді бүлдіршіннің анасына қарды не үшін жегенін айтып ақталып тұрған сәті бейнеленген видео кеңінен таралуда.

Анасының «Неге қар жейсің?» деген сұрағына ол: «Себебі мен оны тамақ екен дей ойладым. Қарным ашқан соң, қарды жедім» , - деп жауап береді аузы бұртиып.
 
Анасы: «Мен саған қарды жеме деген едім ғой. Үсті-басың не мынау?» деген сұрағына, ол көп ойланбастан: «Кешір, анашым. Мен енді қайталамаймын. Үстімді аздап қана былғап алдым»,– деп кінәлі кейіп танытып тұрып ақталған болады. 
 
 


Дереккөзі: БАҚ 
Все новости