|    |  
19 ақпан 2019
19:58
Үй болу дегенді қалай түсінесіз?
17 қаңтар 2019, 17:13 42


Қазақ халқының салттары мен дәстүрлеріне назар аударып қараңыз. Жас жігіттің үйленіп, ата-анасына келін әкеліп, отбасын қуанышқа бөлеуі неше түрлі салт-дәстүрлермен, ырым-тыйымдармен қабаттаса өріледі. Ертедегі қазақтар шаңырақ көтеру процесінің әрбір детальін міндетті түрде Мәңгілік Мәннен таратуға тырысқан. Оларға арқау етіп Адам ата мен Хауа ананың қызықты да ғибратты хикаяларын алыпты. Қазақ ұлтының кейбір салттарының өміршең болу себебін осымен ғана түсіндіре аламыз. Яғни, жаңа өмірге қадам басар сәттегі әрбір іс-қимыл тылсым әлеммен тығыз байланысып жатыр.

Егер осы жөн-жоралғылар иләһи аңыздармен байытылып, Құран рухымен суарылмағанда мән-мағынадан жұрдай болып, атам заманда ұмытылып кетер еді. Қазақ салтындағы неке қию, қалың мал атау, жүзік тағу, неке суын ішу, жар-жар айту, шашу шашу, шымылдық тұту, үкі тағу тағысын тағы толып жатқан қасиетті ғұрыптар Адам ата мен Хауа ананың өмірін үлгі ете отырып жасалады. Одан бөлек тұрмыс-тіршілігіндегі барлық әдет-ғұрыпты пайғамбарлар өмірінен өрбітіп шығарады. 
Сайд Хусейн Наср «Білім және кие» деген кітабында осыған орай мынадай ойды өрбітіледі. «Бұл мифтердің діни тұрғыдан мәні өте үлкен. Себебі пайғамбарлар адам бойындағы жаман мінездерді түзетумен айналысқан. Адамның әлеммен, табиғатпен байланысын, қарым-қатынасын реттеуге аса мән берген. Осының себебінен илаһи әлемнен тамыр тартып жатқан салт-дәстүрлер дүниеге келеді. Олар арқылы адамның бойына өмірдің мәні мен мағынасын жан жүрекпен сезіп тұратын нәзік құдайлық сезім дариды. 

Әрбір діннің өзінің салт-дәстүрлері, киелі құндылықтары болады. Себебі пайғамбарлар – бір халыққа емес, адамзат баласына ортақ тұлғалар. Олардың өнегелі істері келе-келе өркениетті қоғамның даму айнасына айналады. Яғни, қоғамда пайғамбарлар өмірінен үлгі боп қалған дәстүрлер неғұрлым көп болса, ол соғұрлым өлмейтін өркениетке жалғана түседі. Сондықтан салт-дәстүрлердің қолданыс аясы шексіз. Кез келген халық оны өз мәдениетіне бейімдеп, дүниетанымын байыта алады». 
Рене Генон, Шиллер сынды батыс мәдениеттанушылары да осы ойды нықтай түседі. Рене Генон «Дәстүр және білім» кітабында салт-дәстүрлердің адамдарды ұйыстырушы, біріктіруші сипатқа ие екенін айрықша атап өтеді. Неміс ғалымы Шеллинг мәңгілік мәні бар салт-дәстүрді «киелі шұғыла» деп атаған. 

Сіз төменде өзіңізге бұрыннан таныс салт-дәстүрлермен қайта танысқан кезде неміс ғалымының пікірін қолдамасқа шараңыз қалмайды. Себебі, қазақ халқының төмендегі әдет-ғұрпы әліге дейін біздің ұлтқа киелі шұғыласын шашып тұр. Олардың әрбір деталі міндетті түрде өлмейтін өркениетке іргетас болған қадым дәстүрінен басталады.
Все новости