|    |  
26 сәуір 2019
22:50
Үйде жүретін тышқаннан қалай арыламыз?
13 ақпан 2019, 12:44 15


Тышқан азық-түлік қоймасында, үйдің қараңғы жерінде жүруді ұнататындықтан, адам баласына тигізетін зияны көп. Осыған орай одан арылудың бірнеше тәсілін ұсынамыз.

Тышқан қақпан – ескі әрі тиімді әдістердің бірі. Оның бірнешеуін сатып алып тышқанның ізі байқалған жерге орналастыру керек. Егер қармақ ретінде нан, немесе шұжық пайдаланатын болсаңыз, алдын ала қуырып алғаныңыз жөн. Осылайша иісі алыстан сезіледі.

Кеміргіштерді қорқытушы. Бұл – заманауи үлгідегі, кеміргіштерді қорқытатын дауыс шығарып тұратын электронды құрылғы. Оны жер үйде, сарайда, фермада, құс фабрикасында, жертөреде пайдаланған тиімді.

Кеміргіштерге қарсы желімді қақпан. Мұны балалы отбасылар пайдаланғаны жөн. Олар экологиялық таза әрі жануарлар мен балаларға қауіпсіз. Базарда «Ликвидатор, Таза үй» деген атпен сатылуда.

Тышқандарды уландыру. Оларды бірден уландыру үшін қармаққа у қосуыңызға болады.

Тышқанға қарсы мысықты пайдалану. Егер мысыққа деген аллергияңыз немесе қорқынышыңыз болмаса, олардың көмегімен үй ішіндегі тышқандарыңызды ұстауыңызға болады. Мысық күніне 10 тышқанға дейін аулай алады.
Все новости