|    |  
25 наурыз 2019
06:49
​Ұйқы жеткіліксіздігінің 7 ең жаман әсері
04 желтоқсан 2018, 15:33 9

Ұйқының қанбауы бірқатар кешенді проблемалардың тууына себепші болары белгілі. Ол жаман аурулардың тууына да әкеп соғады, көңіл-күйге де, тіпті өмірдегі жетістігіңізге де кері әсерін тигізуі мүмкін. Дәрігердің айтуынша, ер адамдардың тәуліктік ұйықтау мөлшері 7 сағат 42 минутты құраса, ал әйел адамдар үшін 4 минут азырақ.
Ұйқы – адамның гормоналды жағдайына да жақсы әсер ететін күрделі үрдіс. Аз ұйықтаған адамдарда бұл механизмдер бұзылады. Ұйқы ағзаның демалуына ғана мүмкіндік бермейді, орта жүйке жүйесін ояу жүргенде жиналған метаболиттерден де тазалайды. Нәтижесінде күні бойы жинақталған қажетті емес ақпараттар өшіріледі, жаңасына орын беріледі. Ұйқының қанбауы қандай ауруларға әкеп соғатындығын дәрігер атап берді.
 
Гипертония

Ұйқының аз болуы жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне әкеп соғады. Және де қан қысымының көтерілуі, бастың айналуы, дененің дірілі, тершеңдік, дем алыстың қиындауы, бастың үнемі ауыруы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының, инсульт пен инфарктың орын алуына себепкер болады. Бұл проблемалар сізді мазаламас үшін ұйқыны қандырған абзал.
 
Көздің көру қабілетінің нашарлауы

Ұйқының жеткіліксіздігі көздің көру жүйесінің ісінуіне әкеп соғады. Яғни ішкі бас қан қысымының жоғарылауына әкеп соғып, тамырлар жүйесі зақымданады. Кей кездері көздің көру қабілеті дұрысталуы үшін жеті сағат көлемінде ұйықтаудың да пайдасы мол.

Семіздік

Түнде төрт сағат ұйықтайтын адамдар жеті сағат ұйқыға көңіл бөлетін адамдарға қарағанда 74% мөлшерде семіздікті қабылдайды. Ал бес сағат ұйықтайтындар өзгелерге қарағанда 50% мөлшерлемеде семіздікке шалдығады.
 
Шаршаңқылық синдромы

Үнемі шаршаңқы кейіпте жүретін адамдарда әлсіздікпен қоса тоңу, бұлшықеттердің ауырсынуы байқалады. Аз ұйықтайтын адамдар нәтижесінде ақпаратты дұрыс қабылдай алмай, күні бойы өзін жайсыз сезініп жүреді.
 
Гормоналды өзгерістер

Ұйқының жеткіліксіздігі гормоналды өзгерістерге де әкеп соғады. Мұның қасында салмақтың артуы, безеулердің пайда болуы, шаштың түсуі тұр. Ұйқының азаюы ерте қартаюға әкеп тіреледі. Ұйқы мелатонин гормонының үйлесімділігімен ерекшеленеді. Оның түзілуінің шыңы түнгі екіге сәйкес келеді. Егер мұндай уақытта сіз ояу жүретін болсаңыз, мелатонин жеткіліксіздігі байқалып, сіздің ағзаңыз тез қартаяды.
 
Сыртқы келбеттің өзгеруі

Гормоналды өзгерістер орын алған жағдайда коллаген мен эластиннің түзілуі бұзылады, бұл терінің жұмсақтығын, нәзіктігін сездіріп тұратын тері каркастарының жоғалуына жол ашып, әжімдер көбейе түседі. Әдеттегіден аз ұйықтайтын адамдар өз қатарластарынан 5-10 жасқа үлкен көрінеді. Ал ұйқының жетіспеушілігін көрсететін сыртқы белгілер – көздің қызаруы, беттің бозаруы, көздің астының қараюы, жоғары дәрежедегі ісіңкілік, т.б.
 
Сүйектің сынуы

Ұйқының жеткіліксіздігінен ер адамдарда сүйек жұқарып, сынғыш келеді. Бұл ер адамдарда болатын тестостерон гормонының азаюына байланысты, бұл гормонның жоғалуы тек бедеулікке ғана емес, сүектің сынуына да әкеледі.
Дәрігер толыққанды ұйқыны бағалай білуге шақырады: соның арқасында түрлі проблемаларға душар болмайсыз.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua
Все новости