|    |  
18 желтоқсан 2018
18:05
Ұзақ әрі берік қарым-қатынасты қалайтын 4 жұлдызнама белгісі
21 қараша, 14:48 1908


Кез келген қарым-қатынас шарықтау мен құлдыраудан тұратыны анық. Кейбір адамдар өзіне жайсыз болса, серіктесімен қарым-қатынасты бұзып жатады. Енді бірі қандай жағдай болмасын, қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысып бағады. Олар шыдамды, сабырлы әрі салмақты, кез келген некеде қиындықтардың болатынын біледі. Осындай адамдардың ішінде үнемі жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу жолында барын аямайтын, еңбек ететін, тырысатын төрт жұлдызнама белгісі бар екені анық. Олар үшін ең маңыздысы – жақсы қарым-қатынастың болуы.

1. Торпақ
Сіздің қасыңызда торпақ болса, оның кемшілігі жоқ деп есептей беріңіз. Ол өз сөзінде тұратындықтан, оған әрдайым сенім артуға болады. Бұл белгі барынша тиімді. Қарым-қатынас нәтижелі болуы үшін үлкен еңбекті талап ететіндігін бұл белгі түсінеді. Сонымен қатар ол бұл қарым-қатынас үшін өзінің инвестициясын да құюға бар. Ол үнемі жақсы нәтижеге ұмытылып отырады. Ешқашан ашуға ерік бермейді. Өйткені олар кез келген мәселені кейінге қалдырмай, бірден шешіп алғанды ұнататын жандар.

2. Шаян
Шаяндардың барлығы  дерлік өз туысқандарының жайлылығын тілейді. Бұл жұлдызнамадағы адамдарда эмпатия жақсы дамыған, сондықтан да олар өз тәртібіне сақ жүреді. Сүйікті адамдарына кесірін тигізбес үшін сөйлейтін сөзін де алдын ала ойланып айтады. Қиын күндері де олар айналасындағы жақсы адамдарға зиянын тигізбес үшін өзін бір қалыпты ұстауға тырысады. Олар жан дүниесінде не болып жатқандығымен бөлісе алады, тез сүйіп қалады, тысқары қалудан қатты қорқады. Осы себепті де шаяндар ұзақмерзімді әрі берік қарым-қатынасты қалайды.

3. Бикеш
Бикештер ақылды, зияткер және тапқыр, осы арқылы кез келген қиындықты жеңе алады. Әсіресе қарым-қатынасқа зардабын тигізетін мәселелерді де. Олар тез арада түйткілді мәселені анықтап, себебін тауып, күресе алады. «Қайда секіргеніңе қарап жүр» олардың ылғи да пайдаланатын ұраны іспетті. Келесі қадам жасамас бұрын алдыңғының бәрін сараптай алатын жандар. Кез келген бикеш қарым-қатынасқа екі адамның қажет екенін біледі де. Егер бір адам жұмыс істеп жатқан болса, бұл жобадан пайда жоқ.

4. Таразы
Сіз таразы секілді соншалықты сабырлы адамды кездестірмейсіз. Бұлар жетістікке жету тек қана еңбектің арқасы екенін жете түсінетін жандар. Олар қарым-қатынасты дамытуға қажетті дүниелерді білетін және таба алатын жандар, жауапкершіліг де, міндеттері де жоғары. Өмір сан қырын көрсетсе де, таразылар бір қалыпты сабырлылығынан айырылмайды. Олар ұстамды әрі байыпты, кез келген туындаған түйткілді мәселенің шешімін табуға тырысып жүреді. Бұл жұлдызнамаға тиесілі адамдарда айналасына қамқорлық пен махаббат сыйлайтын нышан да жоқ емес.

Дереккөзі: ​flytothesky.ru
Все новости