|    |  
14 желтоқсан 2018
12:37
​Велосипедші қыз Олимпиада ойындарында омыртқасын сындырып алды
08 тамыз, 15:21 719

 
Нидерландының велосипедшісі Аннемик ван Влютен Риодағы Олимпиада ойындарында велосипедін басқара алмай, жол жиегіне ұшып кеткен. Спортшының омыртқасы үш жерінен сынып, миы шайқалған. Қазір ол интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылған. Нидерланды құрамасының бас дәрігері Кеес ван Хугенбанд спортшы қыздың ауыр жарақат алғанын, бірақ жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Бұның алдында жолдың осы бөлігінде италиялық спортшы Винченцо Нибали көш басында келе жатқан жерінен велосипедіне ие бола алмай қалған еді.
 
Дереккөз: Аргументы и факты
Все новости