|    |  
18 қазан 2019
16:44
Volkswagen концерні 460 мың автокөлігін қайтарып алады
16 тамыз 2016, 12:41 27

 
Немістің автокөлік шығаратын  Volkswagen компаниясы 460 мың автокөлікке жоспардан тыс техникалық жөндеу жүргізбек. Себебі автокөліктерге қоршаған ортаға бөлетін зиянды қалдықтар туралы бұрыс ақпарат беретін бағдарлама орнатылған.
Әлемде автоөндірушінің ақаулы 11 млн көлігі бар. Ал, жоғарыдағы шешім Еуроодақтың барлық елдерінде қолданылады. Мұнда қазір 8,5 млн автокөлік бар.
Volkswagen концерні көліктерінің қоршаған ортаға бөлетін зиянды заттар мөлшерінің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты ғаламдық жанжалға ұрынған болатын. Құрама Штаттар билігі неміс компаниясына автоөкліктерге жоспардын тыс жөндеу жүргізу міндетін жүктеген еді.
Автоөндіруші қажетті барлық техникалық жұмыстарды жүргізу үшін 15 млрд доллар жұмсайды. Бұл жағдайдан кейін Volkswagen сатылымы бірден төмендеп,  Toyota әлемдік автонарықта көш бастады.

Дереккөз: planet-today.ru
Все новости