|    |  
17 қараша 2018
09:32
WhatsApp мессенджерін енді тегін пайдалануға болады
19 қаңтар, 19:41 862

Белгілі WhatsApp мессенджерін енді тегін пайдалануға болады. 99 цент көлеміндегі жылдық абоненттік төлемнің жойылуы жөніндегі ақпарат компанияның корпоративтік блогында пайда болды.  Бұл туралы WhatsAppтың негізін қалаушы Ян Кум   Мюнхендегі DLD мәслихатында айтты. Осыған дейін мессенджер клиенттер үшін пайдаланудың алғашқы жылы ғана тегін болған.  Төлемді компания екінші жылдан бастап қана алып отырды. 18 қаңтарда мессенджер тегін болмақ, алайда қосымшаның барлық нұсқасына жазылу ескертулерін жою үшін уақыт керек, деп хабарлады РБК. 

WhatsApp мессенджерінің алғашқы нұсқасы 2009 жылы шығарылды. WhatsAppты бұрыннан қолданып келе жатқандар оның ақылы екенін білмеуі мүмкін. Өйткені  алғашқы клиенттерге оны өмір бойы тегін пайдалану мүмкіндігі берілді, деп атап өтті The Verge басылымы. WhatsApp-қа ақылы жазылуды компания 2013 жылы ғана енгізді. Келесі жылға доллар төлеп қойған WhatsApp пайдаланушылары абоненттік төлем жойылғаннан кейін ақшасын қайтара алмайды, деп жазды Re/code.


Дереккөзі: РБК, Re/code
Все новости