|    |  
18 қараша 2018
15:03
WhatsApp пайдаланушылары миллиардтан асты
02 ақпан, 14:05 702


Facebook-қа тиесілі WhatsApp мессенджерін ай сайынғы белсенді пайдаланушылар саны 1 млрд-тан асты, деп хабарлады Bloomberg.
Сервис-қызмет аудиториясы Марк Цукербергтің әлеуметтік желісімен мәміле жасасқаннан кейін екі еседен астамға ұлғайып отыр. 
«Бір миллиард пайдаланушы. Біздің шағын компанияның соңғы жеті жылда жасаған еңбегі деп мақтауға тұрарлық», - деді мессенджердің негізін қалаушы Ян Кум.

Көрсеткішті 1 млрд пайдаланушыға жеткізу мессенджерді сатып алғаннан кейінгі Цукербергтің негізгі мақсаты болды, деп жазады басылым.

WhatsApp сатылған сома мәмілені ресімдеу уақытында әлеуметтік желі акцияларының құны өсуі салдарынан $19 миллиардтан $22 миллиардқа дейін көтерілген. 2014 жылғы ақпанда әлеуметтік желімен мәміле жасасу алдында «WhatsApp» жылына $10,2 млн пайда тапты. Бұл соманың басым бөлігі пайдаланудың алғашқы тегін жылынан (Facebook оның күшін 2016 жылғы қаңтарда жойды ) кейін сервиске пайдаланушылардың жазылу есебінен келіп түсті.
Все новости