|    |  
05 желтоқсан 2019
22:10
Windows-та браузерлерден логиндер мен құпия сөздерді ұрлайтын вирус пайда болды
24 сәуір 2017, 17:45 46


"Доктор Веб" компаниясының мамандары белгілі браузерлерден логиндар мен құпия сөздерді ұрлауға және қауіпті файлдарды көшіруге қабілетті жаңа троян вирусын тапты.

Компания сайтында хабарланғандай, вирустың ерекшелігі сонда, ол көпфункционалды болып табылады: әдетте троян вирустарының басым бөлігі бір ғана, кейде бірнеше функцияларды ғана орындайды.

Зиянды БҚ (оған Trojan.DownLoader23.60762 деген атау берілді) Microsoft Windows басқаруымен құрылғыға қауіп тудырады. Вирус зақымданған машинаға пайдаланушының рұқсатынсыз қосымшалар көшіруге, браузерлерден логиндар мен құпия сөздерді ұрлауға, сондай-ақ сайттардың парақшаларға енгізген тұрлі деректерін ұстап алуға қабілетті.

Құпия ақпаратты ұрлау үшін троян Windows жол көрсеткіш процесіне, сондай-ақ Microsoft Internet Explorer, Mozilla Firefox және Google Chrome браузерлері процестеріне орналасады. Браузерлерде ол Желімен жұмыс істеуге жауапты функцияғы зиян келтіреді.

Вирус браузерлерде сақталған логиндер мен құпия сөздерді көшіріп алып, хакерлерге беруі, сондай-ақ пайдаланушы веб-сайттар парақшаларында енгізген ақпараттарды ұстап қалуы мүмкін.

Trojan.DownLoader23.60762 сигнатурасы Dr.Web вирустық базасына енгізілді.
 

Дереккөзі: https://rg.ru
 
Все новости