|    |  
12 желтоқсан 2019
00:25
​Йога мен аэробика жүрек ауруларына бірден-бір ем
23 қазан 2017, 15:47 47

Индия ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға йога және аэробикамен шұғылдануға кеңес береді.

Мамандардың сөзіне сенсек,йога мен аэробты жаттығулардың арқасында күйзеліс пен жүрек-қан тамырларының ауруларының көрсеткіші едәуір төмендеген,деп жазады UPI.com.

Зерттеуге жүрек-қан тамырлары аурулары  мен семіздікке шалдыққан 750 ден астам адам қатысқан. Қатысушыларды үш топқа бөлген. 225 адам аэробикамен, 240 адам йогамен, қалған 285 қатысушы екеуімен де айналысқан. Алты айлық үш курстан кейін барлық қатысушылардың денсаулықтарында оң өзгерістер байқалған.Қан қысымы түсіп, артық салмақтан құтылған.

Дегенмен,йога және аэробикамен айналысқан еріктілердің қатарында жүрек пен қан-тамырлары ауруларының пайда болу қаупі екі есе төмен көрсеткіштері бекітілген.

Сонымен қатар,йога мен аэробиканы үйлестірудің арқасында көптеген қатысушылардың физикалық көрсеткіштері де жақсарған.

http://meddaily.ru
Все новости