|    |  
23 қыркүйек 2019
11:57
YouTube желісінде 2016 жылы ең көп қаралған видеолар белгілі болды
12 желтоқсан 2016, 17:23 25


БАҚ 2016 жылы YouTube желісінде ең көп қаралған видоларды атады.
 
Джеймс Корденнің Carpool Karaoke танымал шоуының әнші Адельдің қатысуымен түсірілген бағдарламасы көш бастап тұр, деп хабарлайды CNET. Видео жалпы саны 550 миллион рет қаралған.
 
Одан кейінгі орындарда жапондық диджей Piko-Taro-ның сенсацияға айналған Pen-Pineapple-Apple-Pen туындысы және ысылдағыш улы жылан туралы видео тұр.
 
Сондай-ақ, ТОП-10-ға атақты футболшы Криштиану Роналду және оның британдық әріптесі Нарри Кейн туралы ролик, America's Got Talent бағдарламасының 12 жасар қатысушысы туралы эпизод, Last Week Tonight With John Oliver шоуының АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қатысқан бағдарламасы енген.
 
 
1. Carpool Karaoke - Джеймс Корден және Адель
 


2. Piko-Taro - "Pen-Pineapple-Apple-Pen"


3. Ысылдағыш улы жыландар туралы видео - What's inside a Rattlesnake Rattle?




Дереккөзі: http://korrespondent.net
Аударма: Айдар ЖАНАЙ
Все новости