|    |  
20 қараша 2018
18:36
Ыстамбұл әуежайында жарылыс ұйымдастырған жанкештілердің бірінің жеке басы анықталды
30 маусым, 10:14 1297


Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайындағы жарылысты жасаған жанкештілердің бірінің жеке басы анықталды.
Жергілікті ақпарат құралдары содырдың бейнебақылау камерасындағы стоп-кадрдан алынған суретін жариялап, оны Түркия азаматы Муслим Сарийяр деп атады.
Соңғы мәлімет бойынша лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. 200-ден астамы жараланған. Көбі жансақтау бөлімінде жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, экстремистер әуежайға 28 маусымда шабуылдаған еді. Бірінші жарылыс халықаралық рейстердің, ал екіншісі ішкі рейстердің ұшып келу аумағында болған.
Тергеу лаңкестік әрекеттерді 3 жанкешті жасағанын анықтады.
Қазір әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр. Рейстердің көбі кесте бойынша жүзеге асуда.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости