|    |  
21 қазан 2019
02:50
Заманауи стилде жарапазан айтқан жігіттер көпшілікті таңқалдырды (видео)
13 маусым 2016, 15:07 107

Әлеуметтік желіде жарапазан айтқан бір топ қазақ жігітінің өнері желі қолданушыларын тәнті етті.

Сауда үйлерінің орталығында заманауи стилде жарапазан айтып, ән салған жігіттерді көпшілік алқалап ортаға алып қошемет көрсетеді. Өнерпаздардың қалтасын тиынмен толтырып жатқандарда жиі көзге түседі.

Жарапазан айтушы топ төрт жігіттер құралған. Олар домбыра, сырнай, гитара, сылдырмақ аспаптарын төгілте орындап, әндерін сүйемелдеген. Бүгінде бұл роликті бірнеше мыңдаған адам бөлісіп үлгерген.

Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады.

Все новости